Қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz.
21 сәуірде Мыза көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде өрт шықты. Пәтерден ер адамның мәйіті табылды.
Белгілі болғандай, марқұм сол күні қонақтарымен бірге ішімдік ішкен. Арадағы жанжал кезінде келген қонақ ер адамның кеудесіне бірнеше рет пышақ сұғып, оқиға орнында мерт қылды.
Пәтерде тағы бір әйел болған. Ол ұйықтап жатқан кезде танысы оятып, үй иесін өлтіргенін айтқан. Әйел жағдайды көріп, полицияға хабар бермей, оқиға орнынан кетіп қалған.
Қылмыскер үйден теледидарды ұрлап, пәтерді өртеген.
Сот үкімі бойынша Д. есімді ер адам кісі өлтіру, бөтеннің мүлкін өртеу арқылы қасақана бүлдіру және ұсақ ұрлық жасағаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Б. есімді әйел аса ауыр қылмыс туралы хабарламағаны үшін 1 жыл 4 айға сотталды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Пікірлер