A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 17:45 0

Өскеменде жаңа ЖЭО "таза көмір" технологиясымен салынады

Бүгін / Өскемен

Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов осы міндетті іске асыруға қатысты жоспарларды таныстырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында елдегі сапалы көмір қорының мол екенін ескере отырып, көмір энергетикасын озық әрі экологиялық технологияларды пайдалану арқылы дамытуға айрықша назар аудару қажеттігін атап өтті.

Ол жаһандық декарбонизация үрдісін және ұлттық көміртек ізі азайту бағытын ескере отырып, Қазақстан "таза көмір" технологияларын таңдағанын айтты.

Бүгінгі күні елде энергетикалық көмірдің расталған қоры 33,6 млрд тоннаны құрайды. Мұндай жағдайда жақын перспективада көмір генерациясынан толық бас тарту экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Оның орнына озық технологияларды пайдалану арқылы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тәсіл іске асырылады.

- Осыған байланысты жаңа көмір станцияларының құрылысы мен қолданыстағыларын жаңғырту экологиялық талаптар мен нормаларға сай, қоршаған ортаға әсері барынша аз "таза көмір" технологиялары негізінде жүзеге асырылады. Мұндай жобалардың жарқын мысалы ретінде Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында салынатын ЖЭО-ларды, Курчатов пен Екібастұз қалаларындағы ірі электр станцияларын айтуға болады, – деді Ерлан Ақкенженов.

"Таза көмір" технологияларын қолдану экологиялық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етіп, қоршаған ортаға ықпалды азайтады және көмір генерациясының тиімділігін арттырады, сонымен бірге тұтынушылар үшін электр энергиясының қолжетімділігін сақтап қалады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив