A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 09:55 0

Ұлан ауданында зейнеткер орманда адасып кеткен

Бүгін / Ұлан

Таулы-орманда жол таба алмай, адасқан тұрғынды іздеу барысында ұшқышсыз ұшу аппараты да қолданылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Әйтпегенде оны табу едәуір қиындап кетер еді.
– 1953 жылы туған әйел Ұлан ауданындағы орманға саңырауқұлақ теруге барып, бағытынан жаңылған. Бірнеше сағат көлемінде өзі жол табуға тырысқан. Нәтиже болмай, күн батуға таяғанда құтқару қызметіне қоңырау шалды, – деді ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіндегілер.
Құтқарушылар зейнеткердің орналасқан жерін мобильді телефон сигналы арқылы анықтады. Қуанышқа орай, бұл аумақта ұялы байланыс жұмыс істеп тұрған.
– Іздеу барысында ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды. Нәтижесінде зейнеткер Асубұлақ ауылы маңынан табылды. Оған медициналық көмек қажет болмады, – деді департамент өкілдері.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив