A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 12:30 0

Жыл басынан бері 33,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

Бүгін / Республика

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 33,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

— 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 257 кәсіпорны 3,7 мыңнан астам жұмыскерге 1,4 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 4,7 мыңнан астам фактісі анықталды, — делінген хабарламада. 

Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 2 602 ұйғарым берілді және 332 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 3 437 мың жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 1,2 млрд теңге төленді.

Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.

2025 жылғы 1 қыркүйектегі деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 4 013 тексеру жүргізді, оның барысында 4 706 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында — 3 965; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша — 721; халықты жұмыспен қамту бойынша — 20.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 30 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив