A+ A A-

talgatzhan 30 11-09-2025, 10:30 0

Өскемендегі тұрғын үй аулаларында автотұрақтар көбейеді

Бүгін / Өскемен

Аулаларға кіреберіс жолдарды кеңейтіп, қосымша автотұрақтарды жабдықтау туралы қала әкімі Алмат Ақышов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өскеменде бұл мәселе көптен бері көтеріліп жүр. Кейбір тұрғындар аулаға кіре берісте басқа көліктер орын алмас үшін шлагбаумдар орнатқан. Алайда мұндай әрекет заңсыз саналады.

Осы ретте шаһар басшысы мәселені шешудің жаңа жолын ұсынды.

- Өскеменде 125 мың тұрғынға 126 мың көлік бар. Аулалар кеңестік кезеңде жобаланған, ол кезде бір аулаға бір көліктен келетін. Бүгінде аулалар тар, көлік тұрағы жетіспейді. Мәселені көлік жүретін жолдарды кеңейтіп, автотұрақты ұлғайту арқылы шеше аламыз. Жер жеткілікті, әлі 4 метрге кеңейтуге болады. Ойын алаңдарына да орын бар, - деді Алмат Талғатұлы.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандарына айдың соңына дейін қажетті бағдарламаны әзірлеу тапсырылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив