A+ A A-

talgatzhan 30 11-09-2025, 11:30 0

Қазақстанда баспана бағасы тағы да өсті

Бүгін / Республика

2025 жылдың тамыз айында Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттауды жалғастырды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жаңа салынған үйлердің құны бір жылда 11,3%-ға артқан. Ал екінші нарықтағы пәтерлер 8,8%-ға көтерілген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

2025 жылдың тамыз айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 41 380 мәміле ресімделген. 

Көшбасшылар қатарында Астана (9 457 мәміле, жалпы көлемнің 22,9%), Алматы (8 402, 20,3%) және Қарағанды облысы (2 923) бар. Ең аз көрсеткіш Ұлытау облысында тіркелді. Ол жақта небәрі 283 мәміле жасалған.

Белсенділіктің өсімі Жетісу (+24,4%), Ұлытау (+14,6%) және Батыс Қазақстан (+10,2%) облыстарында байқалды. Ал төмендеу Қызылорда (-19%), Түркістан (-8,6%) және Жамбыл (-5,9%) облыстарында тіркелді.

Шамамен 80% мәміле пәтерлерге тиесілі (32 853), олардың ішінде ең танымалы — 1 бөлмелі пәтерлер (12 734 мәміле). Жеке үйлер бойынша 8 527 келісімшарт жасалды (+0,7% шілдемен салыстырғанда).

- Тұрғын үй бағасы өсуді жалғастыруда. Жаңа құрылыстар бір жылда 11,3%-ға қымбаттады. Екінші нарықтағы үйлер — 8,8%-ға көтерілсе, жалға алу құны да өсіп отыр. Бір жыл ішінде пәтер жалдау 8,5%-ға қымбаттаған, - деп жазылған Ұлттық статистика бюросының хабарламасында. 

Қазақстандағы тұрғын үй нарығында баға айтарлықтай құбылып тұр. Тамыз айында жаңа және екінші нарықтағы баспана құны, сондай-ақ жалға алу ақысы бірнеше өңірде рекордтық деңгейде өсті. Сарапшылардың мәліметінше, ең жоғары өсім Павлодар, Ақтөбе, Алматы және Қызылорда қалаларында тіркелген.

- Жаңа үйлер бағасының ең жоғары өсімі Павлодарда тіркелді (+25,8%), сондай-ақ Алматы мен Қызылордада (+15,3%). Екінші нарықта Ақтөбе (+20,2%) мен Павлодар (+17,8%) көш бастады. Ал жалға алу бағасы ең тез Ақтөбеде (+43,5%), Көкшетауда (+21%) және Жезқазғанда (+20,2%) өсті, - делінген хабарламада. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив