A+ A A-

talgatzhan 31 11-09-2025, 12:30 0

8 айдағы Қазақстанның ЖІӨ өсімі 6,5%-ды құрады

Бүгін / Республика

Ұлттық статистика бюросының жедел деректері бойынша, 2025 жылдың сегіз айында Қазақстанның ЖІӨ өсімі 6,5%-ға жеткен. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Өсудің негізгі факторлары сауда, өнеркәсіп және байланыс салаларындағы оң динамика болды.

Өнеркәсіп 7,6%-ға өсті. 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 6,5%-ды құраған өңдеу секторындағы өсім қарқынының жеделдеуі байқалды. Өңдеу өнеркәсібінің негізгі драйверлері: машина жасау (+15,1%), тамақ өндірісі (+10,1%), мұнай өңдеу (+7,6%), химия өнеркәсібі (+7,5%) және металлургия (+1,1%) салалары.

Сауда негізінен көтерме сауда есебінен 8,9%-ға өсті, оның саладағы үлесі 66,6%-ды құрайды. Ең жоғары өсу қарқыны Шымкент (+21,3%), Шығыс Қазақстан (+5,7%) және Жетісу (+0,6%) облыстарында тіркелді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив