A+ A A-

talgatzhan 31 11-09-2025, 14:00 0

Қазақстандықтар енді тіс емдеу үшін зейнетақы ақшасын пайдалана алмайды

Бүгін / Республика

Қазақстанда зейнетақы жинағындағы қаражатты стоматологиялық қызметке пайдалану бойынша өтінімдер қабылдау тоқтатылады. Бұл туралы "Отбасы банк" хабарлады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

- 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап enpf-otbasy.kz платформасында тіс емдеуге зейнетақы жинақтарын (БЖЗҚ қаражатын) пайдалану бойынша өтінімдер қабылдау тоқтатылады. Аталған күнге дейін берілген барлық өтінімдер қалыпты тәртіпте қаралады және өңделеді, – делінген "Отбасы банк" таратқан хабарламада.

Тіс емдеуге БЖЗҚ қаражатын пайдалану үшін өтінім қабылдау қайта қашан басталатыны туралы қосымша хабарланатыны айтылған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив