A+ A A-

talgatzhan 31 11-09-2025, 12:45 0

Өскеменде Шнайдер көпірінің құлауына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Бүгін / Өскемен

Қалалық прокуратура 1 қыркүйекте құлаған көпір бойынша тексеруді жалғастыруда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, көпір құрылысын жөндеу және қайта пайдалануға қатысты барлық құжаттардың заңнама талаптарына сәйкестігі зерделенуде. 
- Тексеру материалдары бойынша техникалық және қаржылық-экономикалық сараптамалар тағайындалды, лауазымды тұлғалар тергелуде, оқиғаның алдындағы өзге де мән-жайлар анықталады, - делінген ресми мәліметте. 
Бұдан басқа, мемлекеттік ғылыми-зерттеу институтының мамандарын тарта отырып, көпір өткелін тексеруде. 
- Ішкі істер органдары көпірдің құлау фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 278 бабының 2 бөлігі (сапасыз құрылыс) бойынша қылмыстық іс қозғады. Жиналған материалдарды сараптау және талдау нәтижелері бойынша жауапты лауазымды тұлғалардың әрекетсіздігіне құқықтық баға беріледі, - деп толықтырды баспасөз қызметіндегілер.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив