A+ A A-

talgatzhan 32 11-09-2025, 16:00 0

Қазақстандық жүргізуші куәлігінен электрондық чип алып тасталады

Бүгін / Республика

Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәлігі үлгісіне түзетулер енгізбек. Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Жобаның мақсаты — жүргізуші куәлігінен электрондық чипті алып тастау, себебі қаржылық тұрғыдан тиімді.

Ведомствоның мәліметінше, чип-модульді енгізу және пайдалану қосымша шығынды талап етеді, ал ол функцияны қазір мемлекеттік деректер базасы мен ақпараттық жүйе толық қамтамасыз етіп отыр.

— Осы орайда чипті алып тастау бюджет қаражатын үнемдеуге және құжатты дайындау процесін оңтайландыруға мүмкіндік береді, — деп түсіндірілген құжатта. 

Еске сала кетсек, сенатор Марат Қожаев Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу тәртібін өзгертуді ұсынды. 


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив