Оны «Учаске» жедел алдын алу шарасы барысында Сол жағалау аудандық пробация қызметінің қызметкерлері тапты, деп хабарлайды Buqara.kz.
Белгілі болғандай, ол амнистияға ілінуі тиіс болған, бірақ байланысқа шығуды доғарған. Кейін оны қаладағы құрылысы бітпеген көпқабатты үйден тапты. Ер адам сол жерден өзіне уақытша баспана жасап алып, төсек орнына картон қораптарды пайдаланған.
Пробация қызметкерлерінің айтуынша, оның тұрақты үйі бар, бірақ қаңғыбастыққа бейім екені анықталды. Оған қажетті тексеріс пен көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізілді.
Айта кетейік, «Учаске» жедел алдын алу шарасы 1 қарашаға дейін жалғасады.
Пікірлер