A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 12:00 0

Өскеменде жүргізуші куәлігін алуға арналған автодром ашылды

Бүгін / Өскемен

Өскемендегі мамандандырылған ХҚКО-да B санатындағы жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан тапсыратын жаңа автоматтандырылған автодром ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Алаң заманауи стандарттарға толық сәйкес келеді. Ол автоматты (АКПП) және механикалық (МКПП) беріліс қорабы бар көліктерге арналған.

Азаматтардың ыңғайлығы үшін кезекті онлайн брондау «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді. 

- Автодромның іске қосылуы емтихан кезегін қысқартуға, жүргізушілерді дайындау сапасын арттыруға және практикалық емтихан тапсыру процесінің ашықтығы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Заманауи автодром, электронды кезек және барлық талаптардың сақталуы – бұл біз ұмтылатын стандарт, – деді КЕАҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ШҚО бойынша филиалының директоры.

Айта кетейік, басқа санаттар бойынша емтихандар бұрынғыдай Назарбаев даңғылы, 59 мекенжайындағы оқу комбинатында өткізіледі.

Автодром Өскемендегі мамандандырылған ХҚКО аумағында, Самар тасжолы, 23/1 мекенжайында орналасқан. 

Жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін, сенбі күні 08:00-ден 12:00-ге дейін. Жексенбі – демалыс.

 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив