A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 16:25 0

Биыл Қазақстанда жалпы қанша жаңа баспана салынады

Бүгін / Республика

Бұл сұраққа Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

2025 жылы елімізде барлық қаражат көздері есебінен 19,2 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 176-нан астам пәтер салу жоспарланған, — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Статистикалық деректерге сәйкес, 7 айдың қорытындысы бойынша 9,4 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 86 мың пәтер пайдалануға берілді.
Айта кетейік, 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. 
Осы орайда Президент былтыр 19 миллион шаршы метр баспана пайдалануға берілгенін айта келе, құрылыс сапасын арттыру үшін жасанды интеллект технологияларының (Building Information Modeling, BIM) көмегімен ғимараттарды ақпараттық модельдеу әдісін кеңінен қолдану керек екенін тапсырды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив