A+ A A-

talgatzhan 32 Кеше, 17:10 0

Бұрын-соңды медициналық мекеме болмаған 194 елді мекенде денсаулық сақтау нысандары салынды

Бүгін / Республика

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Тимур Мұратов «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында неше елді мекенде жаңадан медициналық сынақ салынғанын мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

— Ұлттық жобада 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектісін салу көзделген. Оның ішінде 260 медициналық пункт, 235 фельдшерлік-акушерлік пункт, 160 дәрігерлік амбулатория салу қарастырылған. Жоспарланған 655 нысанның 540 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны салынып бітті. Оның 346-сы ескірген және талапқа сай емес ғимараттың орнына салынса, 194-і бұрын медициналық инфрақұрылыммен қамтылмаған ауылдық елді мекендерде орын тепті, — ол орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Құрылысы аяқталған 540 нысанның 227-сі медициналық пункт, 187-сі фельдшерлік-акушерлік пункт, 126-сы дәрігерлік амбулатория. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив