Тоқты
Құрған жоспарыңыз орындалмай жатса өзіңізді жегідей жеудің қажеті жоқ. Өйткені, соңғы уақытта біршама еңбек етіп, талай істің шетін шығарып үлгердіңіз. Тіпті осы үшін өзіңізге сыйлық жасап, бір жаққа саяхаттап қайтыңыз.
Торпақ
Соңғы уақытта кей адамдар жолыңыздан ығыстырып, сыртыңыздан қаңқу сөздер айтуы ғажап емес. Эмоцияңызды шығарудың аз-ақ алдында тұрсаңыз да сабырлы қалпыңызды жоғалтпаңыз.
Егіздер
Әр басқан қадамыңыз сәтсіздікке ұшыраса, демек сіздің сүрінгеніңіз біреулерге жағып тұр. Қанша биікке өрлесеңіз де жан-жаққа сақтықпен қарауды кәперіңізден шығармаңыз. Тамақты уақтылы ішіңіз.
Шаян
Не істесеңіз де, айналаңыздағы адамдар оң ықпал етеді. Пікір алмасатын жан іздесеңіз түйсігіңізге сеніңіз. Қазір қай бағытқа назар аудартыныңызды анықтап алыңыз: әсілі, отбасыңызға көңіл көп бөліңіз.
Арыстан
Тапсырма көбейе түспек. Қазіргі күш-қуатыңыз тау қопарарлықтай, ешнәрсе қиын болып көрінбейді. Алдағы жұма сіз үшін айтарлықтай сәтті болмақ: маңызды кездесулер мен келіссөз жүргізуді осы күнге белгілеңіз.
Бикеш
Асығыстық танытудың еш қажеті жоқ. Сабыр етсеңіз барлығы өзінен-өзі шешілмек. Қазір жұмысыңызда айтарлықтай жүктеме жоқ, сондықтан әл-қуатыңыз бен ынтаңызды апта соңындағы қарбаласқа сақтаңыз.
Таразы
Бойыңызда еріншектік қылаң берсе, жолын бөгеп, барынша басып тастаңыз. Бұлай ету қолыңыздан келмесе қордаланып қалған көп шаруаңыз сол беті шешілмей қалайын деп тұр. Бос уақытыңызды кітап оқуға арнаңыз.
Сарышаян
Қыркүйек айының 19-ы біреу тосынсый жасауы мүмкін. Жақын адамыңыз қуантып, апта айтарлықтай сәтті өтпек. Дегенмен сейсенбі мен сәрсенбі күндері әлдекімнің күтпеген қоңырауы өткен күннің есігін қайта ашуға себепкер болады.
Мерген
Соңғы уақыттары өміріңізде кейбір нәрселерді өзгертуді ойлайсыз. Апта ортасында күтпеген шешім шығарып, өзгелер күтпеген қадамға барасыз. Бір қадам бұрын ойлайтын жұлдызнама иелеріне ендігі еңбек демалысын жоспарлай беруге болады.
Тауешкі
Ісіңіз кері кетіп, ойлағаныңыз мүлде орындалмай жатса да әліптің артын бағыңыз. Ең ұтымды қадам: тосын жағдайларға лезде бейімделу. Туыс-туғандарыңызбен ұрсысудың қажеті жоқ: көмегі қажет болады.
Суқұйғыш
Жаңа достар, әріптес табасыз. Жалғызбасты Суқұйғыштар болашақ жарын жолықтырулары мүмкін. Қаржы жағынан біршама қиналып тұрсаңыз да қарызға ақша алмаңыз.
Балықтар
Қазір қандай нәрсе болсын, қапаланбауға тырысыңыз. Күн тәртібіне достарыңызбен жолығып, әлденені талқылап, шер тарқатуды қосып қоюға болады. Алайда денсаулығыңызға мән беруді есіңізден шығармаңыз: суық тиюі ғажап емес.
Пікірлер