Өскемен қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының мәліметінше, 1 сәуірден бастап самокатты басқару кезінде жол қозғалысы ережелері 14 рет бұзылып, 5 жол апаты болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ал мамандандырылған тұраққа 47 самокат жіберілді. Осы ретте тәртіп сақшылары азаматтардан қауіпсіздік шаралары мен жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұрайды.
Пікірлер