Оқиға облыс орталығындағы С.Нұрмағамбетов пен Қазақстан көшелерінің қиылысында болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, жаяу жүргіншілер жолды бағдаршамның жасыл түсі жанып тұрғанда кесіп өтпек болған. Сол кезде жеңіл көлік оларды қағып, зардап шеккендер түрлі жарақаттар алды.
— Жол-көлік оқиғасы бойынша полиция бөлімшесіне арыз түсті. Зардап шеккендерге сот-медициналық сараптама жасауға жолдама берілді. Қорытындысы шыққаннан кейін тиісті шешім қабылданады, — делінген ШҚО Полиция департаментінің ресми мәліметінде.
Пікірлер