A+ A A-

talgatzhan 38 Бүгін, 15:30 0

Қазақстанда жекелген студенттерге оқу орнын ауыстыруға тыйым салынбақ

Бүгін / Республика

Қазақстанда "әлеуметтік балл" енгізу аясында кей студенттерге жоғары оқу орнын ауыстыруға тыйым салынбақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Басқа ЖОО-ға ауысу үшін студенттің академиялық қарызы болмау қажет.

- Бұйрық жобасына мынадай өзгерістер енгізу жоспарланып отыр: 1, 17, 18, 23, 24, 29, 30, 32, 46, 50, 65-тармақтарына редакциялық түзетулер енгізу, сондай-ақ 30 бен 35-тармағына жасанды интеллектке қатысты талаптарды қосу көзделген. Академиялық қарыз болған жағдайда білім грантын басқа ЖОО-ға аударуға болмайды, – делінген ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрық жобасында.

Құжатқа сәйкес, 40-тармаққа оқу жетістіктерімен қатар студенттің қоғамдық, ғылыми, волонтерлік, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысуын ескеретін әділ және объективті бағалау жүйесін құру туралы ережені енгізу ұсынылады. Ал 55-тармаққа жоғары оқу орындарындағы тәрбие жұмысына қатысты ережелерді енгізу жоспарланды.

- Бұйрық жобасының мақсаты – студенттердің қоғамдық өмірге және волонтерлік қызметке қатысу дәрежесін анықтау үшін әлеуметтік орташа баллды енгізу. Студенттердің оқу жетістіктерінен бөлек олардың қоғамдық белсенділігі, ғылыми-зерттеу дағдылары, облыстық және республикалық деңгейдегі волонтерлік қозғалыстарға қатысуы ескеріледі, – делінген құжатта.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив