A+ A A-

talgatzhan 31 15-09-2025, 14:45 0

Өскеменде аралас жекпе-жектен турнир өтеді

Бүгін / Өскемен

27 қыркүйек күні сағат 17:00-де облыс орталығындағы Б.Александров атындағы Спорт сарайында NAIZA 77 халықаралық турнирі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Кештің басты оқиғасы - Қазбек Сағын мен Еламан Саясатов арасындағы жекпе-жек. Бұл кездесу жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырып отыр. Екі спортшы да жеңіске деген жігерімен ерекшеленеді, ал сегізбұрышта тек біреуі ғана мықты екенін дәлелдей алады.
Ко-мейн ивентте көпшілікке «Зайсандық қорқыныш» лақапатымен танымал Болат Заманбеков (9-3) қытайлық Инь Сянчжаоға (9-4) қарсы өнер көрсетеді. Бұл кездесу де аса маңызды болмақ. 
Кеш барысында Өскеменнің үш спортшысы – Денис Черников, Жасулан Нұрдыбеков және Ерзат Сақабанов сегізбұрышқа шығып, жерлестерінің үмітін ақтауға тырысады.
Бұл кеш ММА тарихында есте қаларлық оқиғаға айналуы әбден мүмкін.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив