Қала әкімі Алмат Ақышов Ертіс жағалауындағы амфитеатрды аралап, жағдайымен танысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазірде мәдени нысан қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орны саналады.
Ал келесі жылы амфитеатрды жөндеу және жаңарту мәселесі қарастырылмақ.Ол үшін арнайы жоспар құрылады.
Мұнда түрлі іс-шараларды өткізетін сахна мен көрерменге арналған орындықтар қойылуы мүмкін.
– Қала тұрғындарының демалуына және мәдени-көпшілік шараларды өткізуге қолайлы жағдай жасау – біздің басты міндетіміз, – деді қала басшысы.
Пікірлер