A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 12:35 0

Өскеменде әйелді көлік қағып кетті

Бүгін / Өскемен

Қазір тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, кеше Назарбаев даңғылы мен Кривоносов көшесінің қиылысында Nissan Terrano маркалы көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

- Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, жағдайдың барлық мән-жайы анықталуда, - делінген ШҚО Полиция департаментінің мәліметінде. 

Осы ретте полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушылардың барлығын ережені қатаң сақтауға шақырады. Жаяу жүргіншілер сақтық танытып, жолды белгіленген жерлерден ғана кесіп өту керек. 



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив