A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 16:00 0

Елдегі көліктердің жартысы 20 жылдан бері қолданыста жүр

Бүгін / Республика

Қазақстанда автокөліктердің 50%-дан астамы 20 жылдан бері пайдаланылып келеді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, елдегі автопарктің өсуімен қатар көліктердің тозуы да байқалып отыр.

Техникалық байқау сапасына қатысты да мәселелер бар, өйткені бұл қызмет бәсекелестік ортада жүргізіліп келеді.

– Осы уақыт ішінде 178 мың ақаулы көлікті басқару фактісі (Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 590-бабы, 5 және 7-бөліктері), 102 мың техникалық байқаудан өтпеген көлікті пайдалану жағдайы (590-бап, 9-бөлік) анықталды, – деді Игорь Лепеха.

И. Лепеха ҚР Көлік министрлігіне жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында техникалық байқау станцияларын бақылауды күшейтуді ұсынды. 

Айта кетейік, жыл сайын еліміздің жолдарында 2 мыңнан астам адам жол апатынан қаза тауып, 20 мыңнан астамы жарақат алады.

Сонымен бірге, жолдарды қабылдау комиссияларына полицияны қайта қосу ұсынылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив