A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 09:00 0

Тұман, аяз, найзағай: 17 облыста дауылды ескерту жарияланды

Бүгін / Республика

17 қыркүйекте еліміздің 17 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Өрт қаупі: Батыс Қазақстан, Алматы, Атырау, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Жел: Алматы, Жетісу, Түркістан, Жамбыл және Қарағанды облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Тұман: Ұлытау, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстанда түнде 1°С аяз болжанған.

Найзағай: Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар және Ақмола облыстарында найзағай күтіледі. Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағаймен қатар дауыл соғады.

Шаңды дауыл: Қызылорда облысының орталық және оңтүстік аймақтарында шаңды дауыл болжанып отыр.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстанның көптеген өңірінде ауа райы тұрақсыз болады. Мамандар азаматтарға сақтық шараларын қатаң ұстануды ескертеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив