Өткен жылдың соңында Өтепов көшесі, 37 мекенжайы бойынша орналасқан Ана мен бала орталығына магниттік-резонанстық томограф (МРТ) сатып алынып, мамандар арнайы оқытудан өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазір бес жастан асқан балаларға МРТ-зерттеулер жүргізіліп жатыр. Ал бес жасқа дейінгілерге мұндай зерттеу наркозбен жасалуы тиіс. Себебі бүлдіршіндер ұзақ уақыт қозғалмастан аппараттың ішінде жата алмайды.
— Осы жылдың басында қаражат бөлініп, наркоз аппараты мен оған қажетті шығын материалдарын сатып алу үшін жеткізушілермен 100 млн теңгеге келісімшарт жасалды. Аппаратты жылдың соңына дейін жеткізеді күтілуде. Соның арқасында күрделі зерттеулерді өңірімізде жүргізуге мүмкіндік туады, — деді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мәдина Мырзабекова.
Пікірлер