Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан біріншілігінде кезекті ойын күні өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Бұл күні «Горняк» (Рудный) пен «Торпедо» (Өскемен), «Құлагер» (Петропавл) мен «Бейбарыс» (Атырау), «Номад» (Астана) мен «Арлан» (Көкшетау), «Алматы» мен «Ертіс» (Павлодар), «Сарыарқа» (Қарағанды) мен «Ақтөбе» кездеседі.
Шайбалы хоккейден Қазақстан біріншілігі 1992 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Қазірге дейін «Торпедо» — 13, «Бейбарыс» — 4, «Ертіс», «Сарыарқа», «Арлан» — 3, «Барыс», «Номад» — 2, «Қазақмыс» (Сәтпаев) пен «Болат» (Теміртау) — 1 мәрте чемпион атанды.
Өткен маусымда «Арлан» жеңіс тұғырына көтерілді.
Қазір турнир кестесінде «Торпедо» мен «Номад» 7 ұпаймен алғашқы екі орынды өзара бөлісіп тұр.
Айта кетсек, биыл «Торпедо» шайбалы хоккейден 2025 жылғы Қазақстан кубогының иегері атанды.
Топтық кезеңде командалар Өскемен және Қарағанды қалаларында шеберлік байқасты. Топтық кезеңнен кейін жартылай финал ойындары жалғасты. Онда топта бірінші орын алған командалар екінші топтағы екінші орындағы ұжымдармен финал жолдамасын сарапқа салды. Шешуші ойындар Қарағанды қаласында өтті.
Пікірлер