Жаңа оқу жылы басталғаннан кейін ата-аналар балаларға қандай тегін медициналық көмек қолжетімді екенін сұрай бастады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры осы сұрақты түсіндірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Балалар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне автоматты түрде енгізілген. Олардың жарнасын мемлекет төлейді. Сондықтан оқушылар тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін де, МӘМС пакеті аясындағы қызметтерді де ала алады.
Оқушыларға қолжетімді медициналық қызмет түрлері:
-
мектеп медицинасымен қамту;
-
стоматологиялық көмек;
-
дәрігердің кеңесі;
-
зертханалық талдаулар;
-
құрал-жабдықпен диагностика (УДЗ, рентген, КТ, МРТ және т.б.);
-
күндізгі және тәулік бойғы стационар;
-
оңалту шаралары;
-
дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету (белгіленген тізім бойынша);
-
жоғары технологиялық медициналық көмек.
“Мектеп медицинасы” нені қамтиды?
Бұл – мектеп пен балабақшадағы балаларға көрсетілетін кешенді медициналық қызмет. Оның мақсаты – денсаулықты сақтау, аурулардың алдын алу және оқушыларды тұрақты бақылау.
Мектеп медицинасына кіретін қызметтер:
-
алдын ала медициналық тексерулер;
-
оқу және демалыс кезіндегі сауықтыру шаралары;
-
аурудың алдын алу мен дұрыс тамақтануды насихаттау;
-
репродуктивті және психикалық денсаулықты қорғау;
-
суицид, темекі, есірткі, ойынға тәуелділік сияқты қауіптердің алдын алу;
-
ұлттық күнтізбеге сәйкес екпе жасау;
-
қажет болған жағдайда қосымша тексерулерге жолдау;
-
санитарлық нормаларды қадағалау.
Бұл қызметтерді мектептің аумағына бекітілген емхана көрсетеді. Мектептегі медициналық пункттер арқылы балаларды тұрақты бақылап, дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік бар.
ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова ата-аналардың кейде “баланы басқа емханаға тіркеп қойған” деген шағым айтатынын жеткізді. Оның айтуынша, мұндай жағдайлар жүйеде мәліметтің кешігіп шығуымен байланысты. Баланың скрининг немесе қосымша диагностика нәтижелері көбіне тексеру толық аяқталған соң немесе бала белгілі жасқа жеткенде ғана базаға енгізіледі.
Пікірлер