Жол-көлік оқиғасы бүгін Әуезов даңғылы мен С.Нұрмағамбетов көшесінің қиылысында болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Honda CR-V жүргізушісі жаяу жүргіншіге жол бермей, қағып кетті. Қажетті сараптамалар тағайындалды, нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады, - делінген ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратында.
Тағайындалған сараптама жәбірленушінің денсаулығына қандай дәрежеде зиян келтірілгенін анықтайды.
Белгілі болғандай, жол апаты кезінде аталған учаскедегі қысқа тұйықталудан бағдаршам істен шыққан. Қазір бағдаршамның жұмысы қалпына келтірілді.
Пікірлер