27 қыркүйек күні сағат 10:00-де Сол жағалаудағы саябақта ерекше іс-шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қала тұрғындары мен қонақтары туризм саласының мамандарымен әңгімелесіп, шеберлік сабақтары, концерттер мен көрмелерге қатыса алады.
Бағдарлама:
Туристік өнімдер көрмесі — туроператорлар, демалыс орындары және пантолиман емханаларының таныстырылымдары;
Турлар мен сыйлықтардың ұтыс ойыны — әрбір қатысушыға сыйлық ұтып алу мүмкіндігі беріледі;
«Жас турист» — оқушыларға арналған ойын алаңы;
Фольклорлық ансамбльдердің, бардтардың және арнайы қонақ — «Сәлем, астана!» әнінің авторы Серік Мұсалимовтың өнер көрсетуі,
Би студияларының шеберлік сабақтары;
Йога және медитация бойынша шеберлік сабақтары;
Жергілікті өндірушілердің, туристік жабдықтар мен құрал-жабдықтардың жәрмеңкесі;
Қолөнершілердің көрме-жәрмеңкесі және халықтық қолөнер бойынша шеберлік сабақтары.
Кіру тегін.
Пікірлер