A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 17:10 0

Қазақстанда тамыз айында 159 мыңнан астам автокөлік тіркелді

Бүгін / Республика

Тамызда елде 159,5 мың автокөлік құралы тіркелді. Олардың 15,2 пайызы алғаш рет есепке қойылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Ең көп тіркеу Алматы қаласында (20,7 мың бірлік), Алматы облысында (15,6 мың бірлік) және Астана қаласында (14,5 мың бірлік) болды.

Статистикаға сәйкес тамыз айында есепке қойылған көліктердің 59,7 пайызының жасы 10 жылдан асқан. Қозғалтқыш көлемі бойынша басым бөлігі (36,3 пайызы) 1 500-2 000 см³ аралығында.

2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша елдегі тіркелген автокөлік паркі 6 786,9 мың бірлікті құрады. Бұл көрсеткіш бір жыл ішінде 21,6 пайызға өскен.

Автокөліктердің ең көп шоғырланған өңірлері Алматы қаласы (797,2 мың бірлік) және Алматы облысы (723,9 мың бірлік) болып отыр.

Сондай-ақ тіркелген көліктердің 91,9 пайызы жеке тұлғалардың иелігінде, қалған бөлігі заңды тұлғалардың атына рәсімделген.



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив