Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов пен «Өскемен тынысы» экологиялық қорғау бюросы өкілдерінің қатысуымен экология мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Арман Есентаев өңірде өткізілетін экологиялық іс-шаралар мен табиғат пайдалану саласында орындалған жұмыстар туралы баяндады.
Ал экологиялық қорғау бюросының атқарушы директоры Вадим Кушнарёв Өскемендегі саябақтарға санитариялық-гигиеналық тораптар орнату, халықты экологиялық акциялар мен басқа да бастамалар туралы ақпараттандыруды күшейту мәселелерін көтерді.
Осы ретте өңір басшысы қала әкімдігіне санитариялық тораптарды орнату жұмыстарын жеделдетуді, экологиялық маңызы бар іс-шараларды ақпараттық тұрғыда кеңінен жариялауды тапсырды.
Сонымен қатар цифрландыру басқармасының басшысы қоршаған орта жағдайын бақылау үшін экодатчиктерді сатып алу туралы мәлім етті. Жыл соңына дейін өңірдің экокөлікпен толықтырылатыны белгілі болды.
Бұдан бөлек, Нұрымбет Сақтағанов ірі коммуналдық кәсіпорындарға эмиссияларды автоматтандырылған бақылау жүйелерін сатып алу үшін бюджеттік өтінім дайындауды, қала және аудан әкімдеріне World Cleanup Day («Дүниежүзілік тазалық күні») акциясын ауқымды түрде ұйымдастыруды тапсырды.
Пікірлер