A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 14:00 0

Елдегі кинотеатрларда прокатқа неше фильм шығарылды

Бүгін / Республика

Жыл басынан еліміздегі кинотеатрларда прокатқа неше шетелдік және отандық фильм шығарылды? Бұл сұраққа ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

- Жыл басынан 60 отандық фильм (оның ішінде 10 ұлттық фильм), 200-ден астам шетелдік фильм кинопрокатқа шықты. Сонымен қатар, биыл Министрлік және Кино орталығының қолдауымен түсірілген 10 ұлттық фильм қазіргі қазақ қоғамындағы өзекті мәселелерді, ұлттық болмысты және жас ұрпақ тәрбиесіне оң әсер ететін идеяларды кино тілімен жеткізуді мақсат етеді, - делінген Мәдениет комитетінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Атап айтқанда, ауыл тіршілігін суреттейтін «Тезек», көкпарға арналған «Fake-овый Арман», отандық футбол жайлы «90+1», Татарстанмен бірлесіп түсірілген «Тарлан», құмар ойынға тәуелділік мәселесін көтеретін «Игроманка», роуд-муви жанрындағы «Joqtau» және ағза трансплантациясы тақырыбын қозғайтын «Ароматное сердце», алғашқы апат туралы «Қайтадан» көркем фильмдері жарыққа шықты. Сонымен қатар Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы оператор қыздардың ерлігіне арналған «Қара қыз», балалар контентін насихаттауға арналған «Алтын адам» анимациялық фильмі көрермен назарына ұсынылды.

- Жыл соңына дейін мемлекеттің қолдаумен түсірілген бірнеше ұлттық фильмнің прокатқа шығуы жоспарланған. Айта кету керек, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы шет мемлекеттер мен ел аймақтарында «Қазақ киносының күндерін» ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Биыл жыл басында басталған іс-шара Қарағанды, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында өткізілді. Алдағы уақытта кино күндері өзге қалалар мен өңірлерде де жалғасын табады. Шараның басты мақсаты – шалғайдағы ағайынға ұлттық киноның бүгінгі даму деңгейін таныстыру, көрермен мен кино өнері арасындағы байланысты нығайту және отандық кинотуындыларды кеңінен насихаттау, - деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив