A+ A A-

talgatzhan 29 Бүгін, 15:00 0

Қазақстанда 12,7 млн тонна астық бастырылды

Бүгін / Республика

Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтіп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасып жатыр. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады.

— Бүгінгі таңда 8,4 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 52,6%-ы жиналды. Нәтижесінде 12,7 млн тонна астық бастырылды. Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 435 мың тонна майлы дақыл, гектарына 224,3 центнер өнімділікпен 1,5 млн тонна картоп және гектарына 284,5 центнер өнімділікпен шамамен 2,5 млн тонна көкөніс жинады. Атап айтқанда, 330,1 ц/га өнімділікпен 396 мың тоннадан астам қырыққабат, 423,3 ц/га өнімділікпен 676,7 мың тонна пияз, сондай-ақ 296,6 ц/га өнімділікпен 241,2 мың тонна сәбіз жиналды, — делінген министрлік хабарламасында.

Бұдан бұрын Мемлекет басшысы Ақмола облысындағы егін жинау науқанымен танысқанын жазғанбыз. Президентке биыл өңірдегі егіс алқабының көлемі 300 мың гектарға ұлғайып, 5,5 миллион гектарға жеткені баяндалды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив