Бүгін Е.Славский атындағы жағалау көшесінде орналасқан көпқабатты үйдегі пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер 1975 жылы туған пәтер иесін қою түтін басқан үйден алып шығып, жедел жәрдем қызметіне тапсырды.
Өрттің аумағы 2 шаршы метрді құрады. Қызыл жалын санаулы минуттар ішінде сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Осы ретте ШҚО ТЖД мамандары өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Пікірлер