A+ A A-

talgatzhan 2 Бүгін, 13:30 0

Өскеменде «MAMAN CUP» шағын футбол турнирі өтті

Бүгін / Өскемен / Спорт

Өскеменде жұмысшы мамандықтары арасында дәстүрлі спорттық шаралар қатарын толықтырған «MAMAN CUP» атты турнир ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Ел Президенті бастамасымен 2025 жыл Қазақстанда «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланғаны белгілі. Осы игі бастаманы қолдау, еңбек адамдарының беделін арттыру, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және командалық рухты күшейту мақсатында облыс орталығында алғаш рет осындай ауқымды футбол додасы өткізілді. Жарысқа өңірдегі зауыттар мен өндіріс орындарының, түрлі кәсіпорындардың 35 жасқа дейінгі жас жұмысшылары қатысып, өзара мықтыны анықтады. 

– Бұл жарыс «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өтіп отыр. Қаладағы әртүрлі өндіріс орындарында еңбек етіп жүрген жас мамандарды спортқа баулу, олардың арасында достықты нығайту – турнирдің негізгі мақсаты. Біз жастардың еңбекқорлыққа, салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттыруға баса мән береміз, – деді ШҚО Жастар ресурстық орталығының директоры Айдос Әділбекұлы.
Айта кетейік, ала доп бәсекесіне барлығы 6 команда қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «MAMAN CUP» турнирі тек спорттық жарыс қана емес, сонымен қатар облыстағы кәсіпорындар арасында корпоративтік байланыстарды нығайтуға, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыруға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив