Ер адам әйелінің денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін пробациялық есепке алынып, жазасын Өскеменде өтеп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оқиғадан кейін ер адам Зайсаннан Өскеменге көшіп келіп, есепке тіркелген. Сот процесінен кейін неке бұзылып, ер адам 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. Қазір ол аумақты абаттандырумен айналысуда.
ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, сотталған азамат өз міндеттерін атқарып, еңбек тәртібін сақтауда.
Пікірлер