«Қазгидромет» РМК 19 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігі бұрынғысынша Оңтүстік циклонның ықпалында болып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
— Еліміздің солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, солтүстік-шығыс пен орталықта бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарда тұман күтіледі, — делінген ақпаратта.
Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында түнде -2°С аяз болады. Ал Алматыда ауа температурасы күндіз +18+20 °С, желдің жылдамдығы 3-8м/с.
Жетісу облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Пікірлер