A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 10:30 0

Өскемендегі шұрқ тесік жолдар жөнделеді

Бүгін / Өскемен

Бұл туралы қала әкімі Алмат Ақышов Қарабах ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Арматурный зауыты аумағындағы («Қарабах») тұрғындар өз күшімен ұзындығы шамамен 100 метр болатын айналма жол салып алған. Қазір бұл жолда көлік қозғалысы жиілеп, жол тозып, шұңқырлар мен ойықтар пайда болған. Белсенді тұрғындар жөндеу жұмыстары бойынша Аумақтық басқару орталығының филиалына хабарлаған, алайда жол ресми тіркелмегендіктен, жөнделмейтіні айтылған.
Сондай-ақ тұрғындар «Қарабахқа» баратын жолда орташа жөндеу жүргізілгенде шамамен 500 метр жолдың неге асфальтталмағанын сұрады. Осы жердегі шұңқырларды жамауды ұсынды.
— Егер 100 метр жолға қиыршық тас төсесек, мен бұдан мәселе көріп тұрған жоқпын. Ал шұңқырларды жамауды жоспарға енгізіңдер. Биыл күзде алғаш рет шұңқырларды жамап жатырмыз, бұрын мұндай жұмыс істелмеген, — деді қала басшысы Алмат Ақышов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив