Елдегі 19 электр станциясында тозу деңгейі 65 пайыздан астам. Бұл туралы елордада «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын талқылау кезінде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
- Елімізде 77 энергия өндіруші ұйым болса, оның ішінде 19 станцияда тозу деңгейі 65 пайыздан астам. Ұлттық жоба аясында энергия жүйесін дамыту ескерілген, яғни 15 жаңа жоба қарастырылған, - деді А. Дарбаев.
Сонымен қатар, қолданыстағы энергия көздерін жаңғыртуға бағытталған 14 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл бағытта 1,8 трлн теңге қарастырылған.
- Осы жұмыстардың нәтижесінде қолданыстағы активтер жаңартылады. Бұл тұрғыда тозу деңгейін орта есеппен 15 пайызға азайтуға мүмкін болады, - деді вице-министр.
Пікірлер