A+ A A-

talgatzhan 33 19-09-2025, 16:10 0

Өскеменде қызмет бабында қаза тапқан полицейлерге арналған мурал ашылды

Бүгін / Өскемен

ШҚО Полиция департаментінің бастамасымен және қала әкімдігінің қолдауымен көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде арт-нысан ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мурал қызметтік борышын атқару барысында қаза тапқан 29 шығысқазақстандық полицейдің рухына арналды. Онда «Ер есімі — ел есінде» жазуымен полиция қызметкерінің силуэті бейнеленген.

— Әрбір қызметкер үшін бұл арт-нысан жай ғана символ емес, бұл – міндет. Біз азаматтардың сенімін нығайтып, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуіміз керек. Мемлекет басшысы атап өткендей, заңды қатаң сақтамай, заманауи әрі өркендеген қоғам құру мүмкін емес. Біздің міндетіміз – әрбір шығысқазақстандық пен облысымызға келген қонақ өзін сенімді сезінетіндей, полиция әрдайым қорғауға дайын екенін білетін орта қалыптастыру, — деді ШҚО Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков.

Муралдың салтанатты ашылуында қаза тапқан полицейлердің туған-туыстары да болды. Қызметкерлердің жұбайлары Полиция департаменті олардың отбасыларын назардан тыс қалдырмай, ұзақ жылдар бойы байланысты үзбей келе жатқанын айтты.



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив