Бұл ұсыныс ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың облыс халқының өкілдерімен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қала тұрғындарының пікірінше, аспалы жол Өскеменнің тағы бір көрнекті орнына айналып, көлік инфрақұрылымының дамуына серпін береді.
Құрылыстың алғашқы кезеңі 2026 жылы басталады. Ол “ADK-River” сауда орталығынан облыстық Драма және оперетта театрына дейін және кері бағытта қатынайтын болады.
Жобаның жалпы құны 50–90 миллион АҚШ долларын құрайды. Оның шамамен 80 пайызын швейцариялық “Bartholet” компаниясы қаржыландырады. Қалған бөлігін «Ертіс» ӘКК өз мойнына алады.
Жобаны әзірлеушілердің ойынша, жаңа көлік түрі облыс орталығының екі жағалауы арасындағы қозғалысты айтарлықтай жеңілдетеді. Аспалы көлік тәулігіне 15 мың адамға дейін тасымалдай алады.
Көлік министрлігі тарапынан қолдау көрсету мәселесін егжей-тегжейлі қарастыруға уәде берілді.
Пікірлер