Облыс орталығындағы мәдени шара дәстүрге айналған «Туған жер - алтын бесігім» акциясы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының фойесінде қала тұрғындары мен қонақтары үшін Шемонаиха ауданынан келген тауар өндірушілерінің, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің, суретшілердің көрмесі ұсынылды.
Іс-шараға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов та келіп, ауданның даму қарқынымен танысты. Шемонаиха ауданының әкімі Дидар Кеңесбаеавтың айтуынша, “Туған жер - алтын бесігім” акциясы елдімекеннің өнерпаздарын облыс деңгейінде танытуға зор мүмкіндік береді.
— Бүгін ауданымыз мәдени күндердің жаңа маусымын бірінші болып ашып отыр. Өскеменде күні бойы түрлі іс-шаралар өтті. Мұның барлығы аудан тіршілігімен таныстырып, осы уақытқа дейінгі нәтижелер мен жетістіктерді көрсетуге арналған. Ал филармонияның басты сахнасында аудан әртістері мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді, - деді аудан басшысы.
Айта кетейік, ертең сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін Жібек жолы, 44 мекенжайы бойынша орналасқан «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі болады. Онда 10-нан астам кәсіпкер табиғи әрі таза өнімдерді тиімді бағада ұсынбақ.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Фотосурет: Еркежан ОРАЛҒАЗИНА
Пікірлер