Облыс орталығында World Cleanup Day атты ауқымды экологиялық акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қатысушылар Шмелев Лог кентіндегі мектептердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың бекітілген аумақтарын тазалады.
Экологиялық бастама Глубокое ауданында да қолға алынып, Мало-Уба орман шаруашылығының аумағында 113 мың сібір шыршасы отырғызылды.
Жалпы облыс бойынша өткен акцияларға шамамен 1000 адам қатысты. Онвң ішінде мемлекеттік органдар мен кәсіпорын қызметкерлері, оқушылар мен студенттер, ҮЕҰ өкілдері, еріктілер, белсенді қала тұрғындары бар.
Акция «Таза Қазақстан» бастамасы аясында облыс және Өскемен қаласы әкімдігінің, ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, ШҚО Экология департаментінің және қоғамдық экологиялық қозғалыстардың қолдауымен өтті.
Айта кетейік, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі шара қорытындысын Қазақстан рекордтар кітабы – «ҚАЭА»-ға енгізуге өтінім берді.
Дүниежүзілік тазалық күні жыл сайын 190-нан астам елді біріктіреді, ал Қазақстан бұл бастаманы дәстүрлі түрде белсенді қолдап келеді.
Пікірлер