A+ A A-

talgatzhan 34 22-09-2025, 10:10 0

Өскеменде жоғалған 9 жастағы бала табылды

Бүгін / Өскемен

Полицияға 9 жастағы ұлының жоғалғаны туралы алаңдаған әйел жүгінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Әйелдің айтуынша, денсаулығында ерекшелігі бар бала үйден шығып, белгісіз бағытта кетіп қалған. 

Оны іздеуге патрульдік қызмет экипаждары, жаяу жасақтар, қызметтік иті бар кинологтар жұмылдырылды. 

Нәтижесінде бейнебақылау камералары арқылы баланың көрші көшеге қарай кеткені анықталды. Өтініш түскеннен кейін жарты сағат өткен соң кинолог Ерназ Назыроллаев оны жеке үйлердің біріндегі қорадан тапты.

Бала аман-есен ата-анасына тапсырылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив