A+ A A-

talgatzhan 31 22-09-2025, 13:30 0

Материалдық емес мәдени мұраны қалай сақтаймыз? – мамандар мұны Өскеменде талқылады

Бүгін / ШҚО

Дөңгелек үстел барысында өңірдегі материалдық емес мәдени мұраның қазіргі жай-күйі талқыланып, Ұлттық тізімге енген және әлі енгізілмеген элементтерді түгендеудің алдын ала нәтижелері таныстырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ұйымдастырушылар сөзінше, ЮНЕСКО-ның пилоттық өңірлерде материалдық емес мәдени мұра (МЕММ) элементтерін түгендеу және 2003 жылғы Конвенцияны тиімді енгізу моделін пысықтау жөніндегі Техникалық грантын іске асыру аясында қолға алынған шарасы қыркүйектің 28-не дейін созылады.
Жиынға педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, ЮНЕСКО сарапшысы, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Қазақстан Ұлттық комиссиясының білім беру саласындағы сарапшысы Василий Шахгулари арнайы қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті. Дөңгелек үстел барысында өңірдегі материалдық емес мәдени мұраның қазіргі жай-күйі талқыланып, Ұлттық тізімге енген және әлі енгізілмеген элементтерді түгендеудің алдын ала нәтижелері таныстырылды. Сонымен қатар өңірден ұсынылатын жаңа элементтер бойынша ұсыныстар әзірленіп, мамандардың, жергілікті атқарушы органдардың, мәдениет мекемелері, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдерінің біліктілігін арттыруға бағытталған пікір алмасу өтті.
- Терме, кілем тоқу, қазақ киіз үйін жасау өнері сияқты дәстүрлі қолөнер элементтерін түгендеу және құжаттау мәселелері ерекше назарға алынды. Бұдан бөлек, дәстүрлі және цифрлық медиада МЕММ элементтерін насихаттау мен танымал ету тетіктері қарастырылды, - деді Қазақстан Ұлттық комиссиясы білім беру саласындағы сарапшысы Василий Шахгулари.
Айта кетейік, бұл басқосу ведомствоаралық және салалық өзара іс-қимылды нығайтып, мәдени әртүрлілікті сақтау үшін материалдық емес мәдени мұраны ілгерілетуге маңызды үлес қоспақ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив