Қазақстан мектептерінде жаңа оқу жылынан бастап жасанды интеллект технологиялары оқу процесіне енгізіле бастады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Жоба Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп әзірленген тұжырымдамаға негізделген. Енді ЖИ оқу процесінде қосымша білім беру құралы ретінде қолданылады.
- 200 мыңға жуық педагог арнайы дайындықтан өтті. Олар бүгінде жаңа бағдарламамен сабақ беріп жүр. Жасанды интеллект – оқытудың сапасын арттыратын, білімді жан-жақты игеруге көмектесетін құрал. Бірақ ол ешқашан мұғалімді алмастырмайды, педагогтің негізгі рөлі әрқашан сақталады, – деді Жұмашев.
Ең маңызды жаңалық – енді жаңа оқу жылынан бастап мектеп бағдарламасындағы “Информатика” пәні “Информатика және жасанды интеллект” деп аталады.
Пікірлер