A+ A A-

talgatzhan 42 23-09-2025, 09:45 0

Алтай қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт шықты

Бүгін / Алтай

5 қыркүйекте ШҚО бойынша Экология департаментінің мамандары Алтай қаласының қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын жоспардан тыс тексерді. Аталған шара қала әкімінің аппаратына қатысты жүргізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тексеру 24 тамыздан бастап полигонда қалдықтардың жанып жатқан туралы азаматтардың өтініші бойынша қолға алынды.

- Аумақты қарау барысында полигонның солтүстік-шығыс бөлігінде түтіндену ошақтары байқалды. Осылайша, Алтай қаласы әкімінің аппараты коммуналдық қалдықтар полигондарында өрттің туындауын болдырмау және барынша азайту шараларын қабылдау мен қалдықтарды басқару саласында ҚР экологиялық заңнамасының талаптарын бұзды. Аталған фактілер Экологиялық кодекстің 319, 327-баптарына, 350-баптың 6-тармағына және 365-баптың 4-тармағына сәйкес бұзушылық ретінде саналады, - делінген ресми ақпаратта. 

Сонымен қатар Алтай қаласы әкімінің аппараты оқиға туралы ШҚО бойынша Экология департаментін хабардар етпей, Экологиялық кодекстің 355-бабының 2-тармағының және 184-бабы 2-тармағының 8) тармақшасының талаптарын бұзған. Бұл ҚР ӘҚБтК 327-1-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық құрамын құрайды.

Нәтижесінде мемлекеттік органға қатысты қолданыстағы заңнама аясында шаралар қабылданды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив