Өңірде сиыр еті бағасының өсуі бойынша тұрғындар мен кәсіпкерлерге арналған сенім телефоны жұмысын бастады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мамандар бағаның көтерілуі, негізсіз үстемелер, ет өнімдерін жеткізудегі бұзушылықтар жөнінде шағымдарды қабылдайды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратынша, бір келі сиыр етінің орташа құны 2800-3100 теңгені құрайды. Дегенмен кейде қосымша шығындар мен сауда үстемелеріне байланысты ет құны жоғарылап кетеді.
Жедел желі Қазақстан бойынша тұтынушылардың мүдделерін қорғау мақсатында жұмыс істейді. Ал шығысқазақстандықтар 8 (7232) 26-72-07 телефон нөмірі арқылы хабарласа алады.
Пікірлер