A+ A A-

talgatzhan 51 23-09-2025, 12:05 0

Өскеменде жеті жерге бейнекамералар орнатылды. Қоқыс шашқандар жазаланады

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығында мыңнан астам адам ірі көлемдегі қоқыс тастағаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Соған сәйкес бақылау күшейтіліп жатыр.
– Тұрғындардың ірі көлемдегі қалдықтар тастағаны туралы 30-дан астам факті тіркеліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін қаладағы жеті жерде қатты тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын тастап кету жағдайларын тіркейтін бейнекамералар орнатылды, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында. 
Енді олар қоқыс тастайтын орындардың жанындағы барлық әрекетті таспалайды. Қазір олар Қабанбай батыр, 116, М.Тынышпаев, 139, Космический, 10 және 12/2, Буров, 9 және 25, Мыза, 15 мекенжайлары бойынша іске қосылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив