Қала әкімдігінің мәліметінше, 25 қыркүйек сағат 15:00-де орталық алаңда ерекше фестиваль ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
"Бақ пен бал өнімдері" жәрмеңкесінде қонақтарды түрлі сорттағы алма, хош иісті бал мен тосап, алма шырыны, тәтті тоқаштар мен бәліштер ұсынылады.
Сондай-ақ карвинг-шоу мен алмадан жасалған мүсіндер көрмесі өтеді.
Қатысушылар үшін "Ең ерекше қолөнер бұйымы", "Алма бәлішінің ханшайымы", "Себеттің ең әдемі безендірілуі", "Ең ерекше үйлесім", “Алма туралы сурет” сынды конкурстар ұйымдастырылады.
Пікірлер