A+ A A-

talgatzhan 32 23-09-2025, 15:00 0

Қазақстанның агроөнімдері қай елге экспортталады

Бүгін / Республика

2025 жылдың 7 айында агроөнеркәсіп өнімінің экспорты тұрақты өсімді көрсетті.  Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтып берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, өсімдік шаруашылығында ақшалай есептегенде өсім 51% болды. Оның ішінде бидай (56%), күнбағыс майы (76%), мал азығы (152%), арпа (94%) және зығыр тұқымы (60%).
– Қазақстандық агроөөнімдерге сыртқы сұраныс ТМД, Қытай, Еуропа, Таяу Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен байқалады. Осы бағыттар бойынша сыртқы сауда-логистикалық инфрақұрылым қалыптастырылып жатыр. Оған негізгі серіктес елдердегі ұлттық сауда павильондары, кеңселер мен өкілдіктер кіреді, – деді Сауда министрі Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Экспорттық бағыттарды одан әрі кеңейту үшін биыл ЕураОдақ пен Араб Әмірліктері және Моңғолия арасында еркін сауда жүргізу туралы келісімдерге қол қойылды. Сондай-ақ ЕураОдақ пен Индонезия арасында да осындай келісім жоспарланып отыр.
Бұған дейін Арман Шаққалиев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру және сиыр етімен ішкі нарықты толтыру шаралары туралы айтып берді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив